02-09-2021
26.3 C
Шымкент

Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, үстіміздегі жылғы мамыр айында жалпықазақстандық ашық диктант ұйымдастыру жоспарланған.
Осыған орай, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қалалық ішкі саясат және білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен қаламыздағы В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кітапхана қызметкерлері, жастар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған жалпыхалықтық диктант өтті.
Шараның мақсаты — түрлі ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруге деген құштарлығын арттырып, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болып табылады. Ашық диктант еліміздің барлық облыстарында 2017 жылғы 12 мамырда Астана уақытымен сағат 11:00-де басталды (синхронды түрде).Ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрамы бекітіліп, бағаланды. Ашық диктантты Арыс қаласы тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқытушысы З.Досымбекова оқыды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР