16-04-2024
17.3 C
Шымкент

ЭКСПО-ға кентаулықтардың сыйы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау трансформатор зауыты облыс экономикасына сүбелі үлес қосып келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Жуырда Кентау трансформатор зауыты құрастырған 80 МВт-тық трансформаторлар Астана қаласындағы ЕХРО–2017 көрмесi өтетiн ең маңызды аймақты жарықпен қамтамасыз етедi. Қазiргi кезде Қазақстанда тұңғыш рет жасалған ТРДН-80000/110 трансформаторын EXPO–2017 көрмесi аймағына бас құрастырушы Әдiлбек Тәжiбаев бастаған зауыт мамандары орнатып, iске қосуда.– ЕХРО–2017 көрмесi өтетiн аумақтағы шағын стансаларда орнатылған трансформаторлардың басым бөлiгi Кентау трансформатор зауытында құрастырылған. Яғни, көрме өтетiн аймақты бiздiң зауыттан шыққан трансформаторлар жарықпен қамтамасыз етедi. ЕХРО–2017 көрмесiне өз үлесiмiздi қосу – бiз үшiн үлкен абырой әрi мақтаныш, – дейдi «Кентау трансформатор зауыты» АҚ басқармасының төрағасы Хайрулла Қожабаев. Бұған дейін де талай игілікті істің бастаушысы болған зауыт ұжымы бүгінде кәсіпорын қарқынын үдете түскен. Осы өндіріс орнының жанынан ашылған колледжде жастар білім алуда. Оның үстіне зауыт өнімдері алыс та жақын шетелдерге экспортталуда. Әрі тапсырыс саны да күннен күнге артып келеді.

Қайрат Зайнишев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР