20-04-2024
24.3 C
Шымкент

Отан қорғаушылардың білім ошағы

2017 жылы 2 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Рәміздер күніне 25 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өтті.  Әрдайым биік белестерді бағындырып келе жатқан оқу орталығында бүгінде құрыш білекті, білімді де, білікті жастар білім алуда. Бір орынға бірнеше талапкерден келетні оқу орнына түсу де оңай емес. Есесіне нағыз сапалы мамандар осы оқу орнынан түлеп ұшады. Болашақ Отан қорғаушыларды даярлап жатқан оқу орны еліміз үшін маңызды іс шараларды әрдайым жоғары деңгейде атап өтуде. Қазақстан Полициясының 25 жылдығы және Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында ардагерлер мен Отан қорғаушыларды ұлықтау мақсатында өткізілген «Бабаларға тағзым» акциясында белсенділік танытқан қызметкерлер және аталмыш акция бойынша баспалдақпен «Бәйдібек би» манументіне жүгіру сайысынан жүлделі орын алғандар марапатталды. Қазақстан Полициясының 25 жылдығы аясында оқу орталығы тыңдаушылары әннің сүйемелдеуімен флэшмоб ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР