02-09-2021
27.3 C
Шымкент

Астанға ОҚО-дан 1650 оқушы барады

Елімізде алғаш рет өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Шымкенттен 1650 бала қатысады. Жергілікті кәсіпкерлер жас толқынға осындай мүмкіндік беріп отыр. «Жаңа  талап»  туристік  компаниясының директоры Денис Жәрменовтың айтуынша, балалардың  басым  бөлігі  —  әлеуметтік  жағынан  аз  қамтамасыз  етілген  отбасылар мен ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  жасөспірімдер. Облыс оқушылары  санаулы күндерден соң басталатын халықаралық  көрмеге   11 топ болып аттанады.  Бұл барыс-келіс 2  айды қамтиды.  Жас өрендер  онда халықаралық   көрменің  жәрмеңкесін тамашалап,  әр  күндері  кестеге  сәйкес, мәдени іс-шараларға қатысады. Бас шаһарға жетісімен олар Назарбаев  университетінің  жатақханасына  орналасады.  Ұйымдастырушылар  әлемдік  деңгейде  өтетін  халықаралық  көрмеге  шымкенттік  жастарды  қатыстыру  арқылы  олардың  отансүйгіштік  қасиеттерін  арттыруға, ұлттық рухын асқақтатуға  болады, — дейді. Республикамыз  бойынша  бастау  алған  бұл  игілікті  іске туризм  саласының  мамандары  ат  салысып  отыр. Компанияның  қызметкерлері мен  педагогтар  балалардың  қасында арнайы  болады. Осылайша,  тәуелсіз  еліміздің  төл  перзенттері мемлекеттік  маңызы  бар  басқосуға  қатысып, тамаша көңіл-күймен  туған  елге  оралатын  болады.

С. Есімбеков

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР