14-04-2022
25.3 C
Шымкент

«Туған жер» — жалпыұлттық патриотизмнің өзегі

Елбасы екшеген «Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегі. Сарыағаштың іскер азаматтары бала болашағын ойлап, қайырымды қадамға барды. Айналасы екі күнде 8 183 баланың жанын жадыратты. Биліктің бастамасымен өскелең ұрпаққа 81 млн. теңгенің қажеттісін әперді. Жетелі жұрт  жетімін желеп, жесірін елейді. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш ауданының билігі іскер топпен осыны аңғартты.  Көңілі қаяуға көмектесу туралы ұсыныс жасалғанд қарсы болған кәсіпкер жоқ.  Қайырымды айда Алла разылығына бөленгісі келді. Елбасы Жолдауына сай мемлекеттен алған көмектің  қарымтасын қайтаруды  жөн санады.  Бір шараның өзінде 70 балаға именбе тартуын сайлады.Орынкүл Тәліпова  өз баласын жетілдірдім дегенде  қызынан қалған перзенттерге бас-көз болуда.  Екі немере ана мейіріміне қанбаса да, әжесінің әлпешінде. Көмекке қуанған жаулық иесі  балаларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға риза. Иә, Елбасы саясатының арқасы… «Балапан» көп баланың танымын ашты. Жаңартылған оқу мазмұны қарымын шыңдады.  Бұл да болса, азат елдің бейбітшілікті таңдауында.Ат жақсысын мақта. Адам жақсысын жақта! Халықаралық мереке думаны жалғасуда.  Ауданда 120 мың бала болса соның 76 мыңы – мектеп жасында.  Тағдыр жазмышымен 13 700 – інің жанары мұңлы. Сіздің көмек – әрқайсысына керек!  Туған жерге, өскен елге, ізден ерген ұл-қызға  тамырымызға тартайық!

АЙЖАН Әшірхан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР