16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Дуальді оқыту – жастарды жұмыспен қамтудың кең мүмкіндігі

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау политехникалық колледжінде дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырды. Онда кәсіби маман даярлайтын білім ошақтарына дуальді оқыту жүйесін ендіру жайы айтылды. Соңғы 10 жылдың өзінде-ақ тиімділігін көрсеткен жоба бойынша мысалдар келтірілді. Дуальді оқыту жүйесі оқу орны мен кәсіпорын және шәкірт үшін де тиімді. Себебі, бұл жүйе арқылы кәсіпорындар өзіне қажетті маманға қол жеткізсе, тәлім алушы теорияны тәжірибемен ұштастырады. Біліктілігін арттырады. Ал, білім ошағы болса, өзі дайындаған маманды жұмыспен қамтып, ұпайын түгендейді. Ляззат Шонаева — «Атамекен» ҰКП адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары  «Біз тек дуальді жүйенің элементтерімен ғана қанағаттанбауымыз керек. Себебі, бұл жүйе — негізінен өндірістік және профессианалдық оқу түрі. Біз болашақта білім алушылардың толық жұмыспен қамтылып, өз ісінің маманы болып шығуын нақтылап алуымыз қажет.   Оңтүстік облыста алғаш болып, осы жүйеге көшкен білім ошақтарының бірі — Кентау политехникалық колледжі. Бүгінде мұндағы барлық мамандыққа 100% дуальді оқыту жүйесі енгізілген. Соның арқасында шәкірттер теория мен тәжірибені қатар меңгеруде. Түске дейін оқытушыларын тыңдаса, түстен кейін оқығанын Кентау трансформатор зауытында тәжірибеде сынап көреді. Дуальді оқытудың тиімді екенін кезінде Елбасының өзі айтқан болатын. Содан бері бұл жүйеге біздегі білім беретін оқу орындары түбегейлі бет бұра бастады. Өйткені, өндірістік Қазақстан үшін озат отыздық жолындағы негізгі мұраты – бәсекеге қабілетті маман даярлау.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР