15-04-2024
14.3 C
Шымкент

Мемлекеттік рәміз-қасиетті құндылық

Кез келген өркениетті елге тән ортақ ұқсастықтар мен рухани құндылықтары болады. Ту, Елтаңба, Әнұран –солардың бірегей нышандары. Өйткені, бұл рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, жүректегі патриоттық сезімді оятатын, отанды, жерді сүюге жетелейтін, ерлік дәстүрлер мен сабақтастық рухында тәрбиелеуге жұмылдыратын айшықты белгілер саналады. Еркіндігіміздің Көк байрағы көкте желбіреп, Елтаңба төрде орнығып, Әнұран шырқала орындалғанда, ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған елдік қалпымыз бен сүттей ұйыған тірлігімізге, дербес саяси және экономикалық даму жолына түскенімізге шүкіршілік айтып, толқымайтын жан, селт етпейтін көңіл болмас, сірә! Елбасының «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Еліміздің әр азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені, олар халқымыздың мақтанышы, біздің киелі құндылықтарымыз» деген сөзін негізге ала отырып, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданы Сызған ауыл жастарымен «Мемлекеттік рәміз-қасиетті құндылық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде Рәміздердің шығу тарихы жайында баяндамалар оқылып, әр қатысушы өздерінің пікірлерін ортаға тастады

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР