04-09-2021
27.3 C
Шымкент

Рәміздер күні аталып өтті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара болып өтті. Мәдениет үйінің елуден астам өнерпаздарының әнұранды жанды дауыста шырқауымен ашылған мерекелі жиында тұрғындарды құттықтау үшін сөз кезегі қала әкімі Ә.Өсербаевқа ұсынылды. «Егеменді еліміздің қасиетті нышандарын қадірлеу – Қазақстанды Отаным деп есептейтін әрбір азаматтың парызы. Оларды сақтап, қорғауға – Ұлы даламызда кіндік қаны тамған жанның барлығы міндетті деген болар едім. Өйткені рәміздер — біздің ұлттық арымыз бен намысымыз. Сондықтан намысымызды қорғай білейік», — деп, сөз бастаған шаһар басшысы түркістандықтарды мерекелерімен құттықтап, атаулы күннің маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге, салтанатты жиын қаладағы мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, тәуелсіз еліміздің рәміздерін ұлықтап шырқалған ән мен шертілген күй көрерменге рухани әсер берді. Жас ұрпақ мемлекеттік рәміздерді құрметтеп үйренсе патриоттық, отансүйгіштік деген сол емес пе. Түркістанда тойланған ұлттық рәміздер күніне бүкіл қауым біріге атсалысты.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР