06-09-2021
24.3 C
Шымкент

Жастарды патриотизмге тәрбиелеу

Бұл жайында Кентау қаласы әкімдігнің баспасөз орталығында қаладағы «Жас туристер станциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мағрипа Шамекенова атқарған жұмыстары жайында мәлімет берді. баспасөз конференциясына жергілікті БАҚ өкілдері қатысып, сұрақ-жауаптар берілді.
Айта кетейік, станция ұжымының мақсаты: «Жасөспірімдердің бойына қазақстандық патриотизм, азаматтық біртектілік пен мәдени толеранттылықты қалыптастыра отырып, білімді, мәдениетті және дені сау, ұлттық сана сезімі жоғары, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор және имани қасиеттері қалыптасқан, туризм-өлкетану бағытында шеберліктерін арттыратын жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Туристік станция басшысының айтуынша қаладағы түрлі іс-шараларға балаларды жұмылдырып туристік жарыстар ұйымдастырса, қала жастары облыстық деңгейдегі жарыстарға барып жүлделі орындармен марапатталуда. Сонымен қатар, «ЭКСПО -2017» Халықаралық көрмесі аясында «Қазақстан –менің елім» атты Шымкент қаласында ғылыми конференция байқауы өткізілген. Бұл қала қөлемінде «Жас туристер станциясының» ұйымдастыруымен іріктеуден өткен 6 оқушы облыстық байқауға қатысып жүлделі орындарға ие болған. Байқаудың мақсаты туған өлкенің тарихын терең зерттеп, тарихи деректер жинау іскерлігін дамыту, туристік –өлкетану жұмыстарын жандандыру ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Осы бағытта әлі алда көптеген жарыстарда кентаулық жас туристер станциясының оқушылары үздік ойындар көрсетпек ниетте.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР