12-04-2022
22.3 C
Шымкент

Мемлекеттік рәміздерге құрмет — елге құрмет

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев: «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз қажет. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналар тұсы да осы» — деп ерекше атап көрсетті.  Осы орайда, ОҚО Арыс қалалық мәдениет үйінде «Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің нышаны» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.Салтанатты жиынға қала әкімі М.Қадырбек, мәслихат депутаттары мен қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым және этномәдени орталықтардың өкілдері, жастар қатысты.
Шаһар басшысы М.Қадырбек: — «Тұғырым — Көк байрақ, Әнұран — мол қайрат, Елтаңбам – жұртқа айбат. Осы қасиетті ұғымдар әрбір азаматымыздың миында қатталып, санасында жатталып тұруға тиіс. Отан мен мемлекет ортақ. Қай уақытта болса да, әлемнің әр түкпіріндегі елдер үшін де Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің кең көрінісі мемлекеттік рәміздер болып табылады. Ел Тәуелсіздігін мемлекеттік рәміздерден бөліп алып қарай алмаймыз. Мемлекеттік рәміздер өзінің болмысымен, мазмұнымен әрбір азаматтың туған еліне деген отаншылдық, патриоттық рухын асқақтатады. Барлық уақытта мемлекеттік рәміздер ерекше ұлттық мақтаныш нышаны болған, сондықтан оларға құрметпен қарау әр қазақстандықтың азаматтық борышы және мемлекеттік ішкі саясаттың басты бағыты» -деп қала халқын мерекемен құттықтады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына арналған салтанатты жиында қаланың әлеуметтік-экономикалық өсуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.Аталған жиын соңы мәдениет үйінің өнерпаздарының патриоттық ән кешіне жалғасты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР