26-04-2024
17.3 C
Шымкент

Делегеттарға сәтті сапар тіледі

ОҚО Созақ ауданының әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы Астанада өтетін Іскер әйелдер ассоциациясының үшінші конгресіне, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына ауданнан барып, қатысып қайтатын делегаттарды қабылдап, сәт сапар тіледі. Делегаттар «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері.
Аудандық «Созақ үні» газетінің аға тілшісі «Бақ-Нұры», қоғамдық іскер әйеддер бірлестігінің төрайымы Н. Майусова, аудандық «Тілдерді дамыту орталығының» басшысы Г.Биғондиева және аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы Э. Мамадалиева аудан басшысына ризашылығын білдірді. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен Іскер әйелдер ассосациясының үшінгі конгресінен келген соң алған әсерлері жайлы ой бөлісетіндіктерін жеткізді.

Айта кетейік, Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді. EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР