01-04-2022
9.3 C
Шымкент

Жастармен бейресми кездесті

Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында облыс әкімдігінің басқарма басшылары, қоғамдық ұйым жетекшілері және табысты кәсіпкерлер мен өңіріміздегі 800-ден астам жастардың бейресми кездесуі өтті.
Еркін форматта өткен жиында жастарды баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру, бизнеске баулу, діни экстремизм мен терроризмнің, құқықбұзушылықтың алдын алу сынды маңызды мәселелер ортаға салынды.
Жиынға қатысушылар әсіресе, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін-2050» жобасына ерекше қызығушылық тантты. Жастарымыздың солтүстік облыстарда тегін білім алып, жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін бұл жоба өңірдің әлеуметтік мәселесін шешумен қатар, елдің бірлігі мен қоғамдағы тұрқтылықтың сақталуына ықпал етеді.
Жиында жастарды кәсіпкерлікке баулудың маңыздылығы сөз болып, «Coffee Like» компаниясының құрылтайшысы, жас кәсіпкер Аят Азимов өз табысының сырымен бөлісті.
Ал, ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек жат ағымдардың жетегіне кетпеудің жолы – ата дәстүрімізге беріктік пен діни сауаттылық екенін айтып өтті.
Басқосуда өзі құрастырған роботтың мүмкіндігімен танысытырған Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Қуаныш Мәден барша жастарды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай ХХІ ғасырдың талаптарына сай болуға шақырды.
Сондай-ақ, кездесуге келгендер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселелердің жауабын алды.
Жиынды қорытындылаған ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов мемлекеттік органдар мен жас буынның арсында ашық пікір алаңын құру арқылы жастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталға мұндай жиындар алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, жұмысты жүйелі жүргізу бағытында нақты ұсыныстар жасады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР