21-09-2021
27.3 C
Шымкент

Оқу жаттығудың жаңа кезеңі басталды

Қазақстан Қарулы күштерінде оқытудың жазғы кезеңі басталды. Қазір барлық әскери құрылымдық бөлімдерде жауынгерлік тактикалық-саптық сабақтар өтіп жатыр. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылыққа қарасты, 72 жылдық тарихы бар 35/748 әскери бөлімі де заманауи қауіп-қатерге қарсы күш жұмылдыруда. Соғыс пен қарулы шиелістердің сипатына тойтарыс беретін жауынгерлік даярлықтан өтіп жатыр. абыл белгісіне сай әрекет ету, сапқа тұру, жорыққа шығу және арнайы операциялар… Бұл – бейбітшілік кезінде әскери қызметшілерге жүктелетін жауынгерлік міндет. Бұл оқыту барысында сайдың тасындай іріктелген сарбаздарымыз соғыс жағдайына, лаңкестік оқиғалардың алдын алуға бейімделді.Жиында жауынгерлік дайындықтан бөлек, бөлім қызметкерлерінің білімі мен білігі де сыналды. Жаңадан сап түзеген 80 сарбаз да осы күні әскери өмірдің қыр-сырын терең білді. Соғыс кезінде қорғанысқа қызмет ететін техникалармен танысты.Тәуелсіздік  талай тарланның  тарпаң тағдырдан тақсірет көріп, жанкешті ерлік жасауымен келген.  Бейбітшілік бәйтерегін құрлық кіндігіне орнықтырып, арманына жеткен елдің  жерін көкте, суда, жерде сенімді қорғау – осы құрамға жүктелген. Бүгінгі шара — «жау жоқ деме, жар астында» екенін аңғартатын дайындықтың қамы. 35748 әскери бөлімі  бейбіт күннің бақыты үшін  бар күш-жігерін сарп етпек.  Алға, қазақ сарбаздары.

СЕРҒАЛИ Жарылқасынов

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР