test
10-07-2024
21.3 C
Шымкент

ЭКСПО-ға- сәнді көйлекпен

Халықаралық көрмесін тиянақты атқаруға бағытталған дайындық қызу. Жас та, жасамыс та көрменің жоғары деңгейде өтуіне өзіндік үлесін қосқысы келеді. Еріктілер тіл үйреніп, шетелдіктерді бай мәдениетімізбен таныстыруды ойласа, қолөнер шеберлері ұлттық дәстүрімізді көрсетпекші. Төрткүл дүние түгел көз тігетін экспода қонақтардың алдында ұялмастай болуымыз керек. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны зергер Берік Әлібай осылай дейді. Ол халықаралық көрменің елімізде өтетінін ести сала, дайындыққа кіріскен. Зергер көрмеде 300 ден астам ұлттық қолөнер бұйымын ұсынбақшы. Бағасы да қолжетімді. Берік Әлібай өз жұмыстарын талай халықаралық шарада ұсынып, қазақ өнерін паш етіп жүр. Тіпті Жапониядада өткен ЭЛСПО көрмесіне де қатысып келіпті. Алыстан ағылып келетіндер Астанаға таңданып, тамсанып кетуі керек деген пікірде. Ал оның жұмыстары шетелдіктердің арасында сұранысқа ие. Ал, жас сәнгер Сабина Нұржанова болса, атақ абыройымызды паш ететін көрмеге арнап көйлек тігіпті. Жәй көйлек емес, Экспоның логотипы бейнеленген. Шетелдік туристерге ұсынбақшы. Тарихы мен танымы, қуаты мен қарымы бөлек елдерден келетіндерге дайындалып жатқан сый көп. Сабина НұржановаСәнгер: «Топтамам 5 көйлектен тұрады. Негізінен ақ түстен құралған. Ақ түстің таңдалу себебі қазақ болған соң ақ түсті жақсылыққа теңеп отырамыз. Сондықтан да ақ түсті таңдаған болатынбыз». Тек қана Сабина емес, елордадағы оқушылар сарайында көрмеге қызығушылық танытып жатқандар жетеді. Себебі, бұл қазақ елін, қазақ жерін әлемдік аренада танытатын, алаш жұртын күллі әлемге паш ететін халықаралық көрме болмақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР