test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Томографиялық орталық ашылды

ОҚО дағы Мақтаралда шағын бизнестің шарықтағанына бір дәлел… Ауданда алғаш рет компьютерлік томографиялық орталық ашылды. Атакенттік кәсіпкер медициналық орталықты мемлекеттік қолдау аясында жабдықтады. Қазір 35 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Қазір ауру түрі көп. Оны диагностикалау да күрделене түскен. Екі жыл бойы орталық магнитті резонасты томографияны қолданып келді. Жаңа жабдыққа қажеттілік туған шақта кәсіпкер субсидия алып, Германияға жол тартты. «SIEMENS» компаниясына тиесілі жабдық сатып алды.  16 срездік томографияның жалпы құны нарықта 325 мың еуро тұрады.Жаңа технологиялық аппарат 20 секунд ішінде рентген сәулесі арқылы ағза мүшелерін зерттейді. Күніне 50-60 науқасты қабылдауға болады. Магнитті резонасты тамографиядан бір ерекшелігі, компьютерлік тамографияда өкпе құрылысы түсіріледі.Жаңа жабдық жергілікті тұрғындарға жеңілдік әкелді. Енді облыс орталығына, көрші Өзбекстан астанасына ат арылтуға негіз жоқ. Аппарат – заманауи. Мамандар білікті. Тиісті емді үй-жайдан алшақ кетпей-ақ, қабылдауға болады.Медициналық орталық ұжымы мемлекет көрсеткен қолдауға разы. Елбасы саясаты жолымен халыққа жоғары медициналық қызмет көрсетуге мүдделі. Сапалы адам капиталын қалыптастыру үшін айына бір мәрте тегін тексеру ұйымдастырып тұрады. Ал, бұл аудан тұрғындары үшін үлкен көмек.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР