18-04-2024
16.3 C
Шымкент

Мемлекеттік қолдау арқасында табысын еселеп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты Ескі Иқан ауылында жылыжай өндірісі дамып келеді. «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары арқылы жергілікті халық мемлекет қаржысын тиімді пайдалануда. Отбасылық кәсіптің көзін тапқандар да жетерлік Түркістан маңайындағы ескі Иқан ауылында егістік науқаны қызған. Мұнда бау-бақша өнімдерінен бастап, дәнді-дақылдардың сан түрі мен мақта егіледі. Аядай ғана ауылдың өнімдері бүкіл Қазақстан аумағын қамтып келеді.Ескі Иқанда 16 мыңнан астам халық тұрады. Еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін шаруаға бейім Табысты кәсіп – жылыжай шаруашылығы кез-келген үй ұршықша иіріп отыр. Қияр, қызанақ егеді.  Бауынан жеміс-жидек тереді. Мемлекет қолдауы арқасында жағдайын жақсартқандардың бірі – Хусан Әлиханұлы.Отбасылық кәсіптің көзін тапқан отағасының ісі — көпке үлгі. Өйткені, үй іргесіндегі 12 соттық жердің өзін  тиянақты игеріп,  маусымына 7-8 тонна өнім алып отыр. Қазір ауылда осындай іскер азаматтардың арқасында  жұмыссыздық деген проблема жоқ. Мал – баққандікі, жер – жыртқандікі» дейді жергілікті дихандар. Қазақстандағы Жер туралы Заң да, мемлекеттік бағдарламалар да ел мүддесіне қызмет етуге ыңғайластырылғанына қуанады. Еңбекқор халық осылайша, өз әлеуетін нығайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласының да тасын өрге сүйреп отыр.

АҚМАРАЛ Ағзамқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР