07-09-2021
21.3 C
Шымкент

Бизнестегі жастар пікір алмасты

Облыстық жастар ресурстық орталығында «Ұлы дала тұлғалары» атты кездесу ұйымдастырылды. Онда жастар бизнес саласындағы белсенді қатарластарымен кездесіп, тәжірибе алмасты. Игі бастамаға «Туған жер» бағдарламасы аясында облыстық кәсіпкерлер палатасы мен білім басқармасы ұйытқы болды. Тоқтар Әлібековтің жасы 24-те. АҚШ-та білім алған жас -Шымкенттегі ерекше стильмен шаш қырқатын орталықтың иесі. Өткен жылы іс бастаған жігіттің қазір еңбегі еселі. Бүгін ол өзінің қатарластарына қалай жеңіске жетуге болатынын айтып, тәжірибе бөлісті. Айтуынша, егер еңбек етемін деген ынта болса, біздегі жағдайда жеңіске жету — оңай.

Тоқтар Әлібеков, жас кәсіпкер:

— Қазіргі жастарға айтарым, Үкіметтің беріп жатқан мүмкіндігін пайдалану керек. Мен Шымкентке келгенде бизнес климатына үйрендім. Содан кейін 100 күн ішінде эксперимент ретінде бизнес бастап көрдім. Соның Нәтижесінде «Чарплз Байпрошот» шаштаразын аштық. Америкалық стильмен 5-6 ай болды. Бәсекелестер аз. Иә, бұл бизнеске бейім жастардың кем екенін көрсетеді. Түстіктегі жеті жүз мыңнан астам жастың тек 5 пайызының ғана кәсібі бар. Енді осы көрсеткішті еселеу үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы жаңа жобаны қолға алды. Ол – «Инновациялық жобалар» байқауы.  Оған құжат қабылдау осы айдың 12-сіне басталады. Маусымның 12-нен шілденің біріне дейін құжат қабылдау басталады. Талаптар тек иннвациялық жоба болуы керек. одан кейін бізде оқудан өтуі керек. Жалпы құжаттар тізім бар. ИП ашу керек. Ол жаңдан ашылған болуы керек.  Бұл шара жастардың кәсіп ашуға деген қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырылған. Негізгі мүддеге сай, қатысушыларға бизнесті неден бастау керек? Сол жағы терең түсіндірілді. Жас буын өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

ӨРКЕН Мырзабек

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР