18-04-2024
22.3 C
Шымкент

Белсенділер Астанаға аттанды

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданының әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы Астанада өтетін Іскер әйелдер ассоциациясының үшінші конгресіне, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ауданнан барып, қатысып қайтатын делегаттарды қабылдап, сәт сапар тіледі. Делегаттар «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері. Аудандық «Созақ үні» газетінің аға тілшісі «Бақ-Нұры», қоғамдық іскер әйелдер бірлестігінің төрайымы Н. Майусова, аудандық «Тілдерді дамыту орталығының» басшысы Г.Биғондиева және аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы Э. Мамадалиева аудан басшысына ризашылығын білдірді. Еліміз үшін маңызы зор шараға ауданы атынан қатысатын белсенділер өздерінің тілектерін жеткізді. Бүгінде қоғамның барлық саласында белсенді болып, қызмет атқарып жүрген нәзікжандылар маңызды шараға қосар өз үлестерін де айтып өтті. Созақ ауданындағы үкіметтік емес ұйымдар бүгінде аудандағы сан салалы мәселелердің оң шешімін табуына күш салып, белсенді түрде алдыңғы лекте жүр. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен Іскер әйелдер ассосациясының үшінгі конгресінен келген соң алған әсерлері жайлы ой бөлісетіндіктерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР