25-04-2024
18.3 C
Шымкент

«Туған жерді» патриоттар да қолдайды

ҚР Президенті «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында «Туған жер» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейіне Созақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандағы жалпы орта мектептерінің 100-ден аса оқушылалары арнайы келді. Балаларға музей экспозициясына және «Әлем — балалар көзімен» атты көрмеге тақырыптық экскурсия жүргізілді. Балалар ата-бабаларының өткен жолымен, облысымыздың тарихымен таныстыратын шежірелі дүниелерді көріп, тарихқа қанықты. Музей қорындағы бай экспонаттарды тамашалап қана қоймай, олардың әрбірінің тарихымен жіті танысты. Бұдан кейін «САҚ» киностудиясы түсірген қазақ және орыс тілдеріндегі анимациялық фильмдер көрсетілді. Патриоттық рухты оятатын керемет туындылар түсіріп жүрген кино студияның жаңа туындыларын тамашалады. Мұндай фильмдер оқушыларды отанын сүюге, құрметтеуге үндейтіні анық. Аудандағы жалпы орта мектептердің 100-ден аса оқушылалары біркүндік танымдық жорықтан түйгендері көп. Оқушылар қаладағы облыстық тарихи музейді аралап, цирк көріп, хайуанаттар бағын тамашалады. Балалар туған өлкеміздің мәдени-тарихи орындарымен осылай танысып, жазғы демалыстарында есте қаларлық күнді өткізіп қайтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР