25-04-2024
17.3 C
Шымкент

Мамандық таңдауға бағыт-бағдар берілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мыңжылқы» мәдениет сарайында «Мамандығым — мақтанышым» атты мектеп бітіруші түлектердің облыстық форумы өтті. Аталған шараға Оңтүстік Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының м.у.а. Аманқұлов Ғани Ермаханбекұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Айдаров Нұрәлі Тұрдыұлы, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Маманов Серік Сахиұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру жұмыстары» бөлімінің жетекшісі Әлжанова Айсұлу Жаңабайқызы, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының «Филология және тарих» кафедрасының деканы, ф.ғ.к. — Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы, мектеп директорлары және ауыл округ, кент жастары мен БАҚ өкілдері қатысты.Облыстық форумды Жастар ресурстық орталығының басшысы Маманов Серік Сахиұлы ашып, қазіргі таңдағы қоғамға қажетті мамандықтарды игеріп, келешекте сұранысқа ие маман болу жайлы мектеп бітіруші түлектерге баяндама жасады.  Жылдағы дәстүрлі түрде өтетін шараға оңтүстік өңірінің жоғарғы оқу орындарының, атап айтсақ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Академиялық-инновациялық университеті, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институты және т.б. білім беру ошақтарының басшылары мен өкілдері арнайы шақыртылып, болашақ маман иелеріне бағыт-бағдар берді.
Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР