23-04-2024
25.3 C
Шымкент

Жастар — сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Жемқорлық қоғамның жегі құрты екендігі аян. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекетік мекемесінің ұйымдастыруы бойынша, аудан орталығы Шолаққорған ауылының көшелері мен қоғамдық орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «Жастар — сыбайлас жемқорлыққа қарсы» акция өткізілді. Шараға аудан жастары мен тұрғындары белсенді атсалысты. Жастар көшелерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар іліп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараның басты мақсаты, қоғамның дерті болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарапайым халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай іс-әрекетті байқаған жағдайда тиісті органдарға хабар беру, алдын алу шараларын түсіндіру болып табылады. Еліміздің болашақ тірегі жастар қоғамды іштен іріткен мұндай шараларға қарсы үнемі акциялар ұйымдастырып тұрады. Патриот жастардың бұдан өзге де көптеген іс шаралар өткізсек деген жоспарлары көп. Олар осылайша «Мәңгілік ел» жастарының барлық істе де көшбасшы екендіктерін дәлелдемек. Алдағы уақытта да бұдан өзге көптеген шаралар ұйымдастыру ойларында бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР