17-04-2024
9.3 C
Шымкент

Нәтижелі жұмыспен қамту

«ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт аудандық филиалы, Жастар ресурстык орталығы КММ бірлесіп, Шарбұлақ ауылында «Болашақ-жастардың қолында» тақырыбы аясында семинар тренинг өткізді.Семинар-тренингте Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі тетігі болып табылатын «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ЖШС-нің кәсіпкерлерге көрсететін қызметтері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар өндірістік кооперативтерді құру, мемлекеттік қолдаулар туралы семинарда айтылып жастардың қызығушылығына ие болды.  «Ontustik» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Қазығұрт аудандық филиалында «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында 2 күндік тақырыптық тренингі бойынша оқудан өтті, тренингте өндірістік кооперативтердің құрылу мақсаты, жеңілдетілген несие алу жолдары, мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану тетіктері жөнінде кеңінен айтылды. Мұндай семинар тренингтің көпшілікке берері көп. Алдағы уақытта кәсібін ашып, ісін ілгерілететін болса, ауданның ғана емес облыс экономикасына да сүбелі үлес қосары сөзсіз. Соңында кәсіпкерлерге сертификаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР