11-04-2022
22.3 C
Шымкент

«Мәңгілік ел» жастары

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, облыстық мәдениет басқармасының бекіткен мәдени іс-шаралар жоспарына сәйкес ОҚО, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылы, Тұрбат ауылдық клубында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты облыстық Өнер фестивалі өтті. Аталған жобаның негізгі мақсаты – жастарды патриоттық үндеу, «Мәңгілік ел» идеяларын түсіндіру болып табылады. Одан бөлек, ауылдық клубтардың халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту, жұмыс тиімділігі мен сапасын арттыру, халық шығармашылығын дамыту, ауылдық клубтардың жанынан құрылған көркемөнерпаз ұжымдарына қолдау көрсету, рухани жаңғыру, салт дәстүрлеріміз бен әдет ғұрыптарымызды, әдебиетіміз, музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымызды түлету, мәңгі қалдыру.
Іс-шараға қатысқандардар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендер ілтипатына бөленді. Өнер фестивалінің қазылар алқасының құрамында Облыстық өнер фестивалінің қазылар алқасының төрағасы Атабек Мұхтар Орынбайұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Қазақстан РТРК» ОҚО филиалының шеф редакторы, «Бүгінгі әңгіме» бағдарламасының жүргізушісі болды. Олар қатысушылардың өнерін сарапқа салып, жоғары бағалады. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде мұндай шаралардың берері көп, әрине.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР