21-09-2021
21.3 C
Шымкент

Әлеуметке көмек жастардың басты міндеті

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж жалғызілікті қарттарға көмек қолын созу мақсатында «Жас келсе іске!» атты жастар акциясы өтті. Бұл жоба көптен бері жастардың ойында жүрген болатын. Ауданымыздың жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы «Еріктілер» клубының мүшелері әлеуметтік жәрдемге мұқтаж жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, көңіл-күйлерін сұрап, үй жұмыстарына көмектесіп қайтты. Әрдайым игі істің басы қасында жүретін жастар бұл жолы қамкөңіл қарттарды қуанышқа бөледі. Бұл шара өзгелердің күштеуімен емес жастардың өз идеяларымен жүзеге асты. Алдағы уақытта да әлеуметтік топтардың барлығына да көмек қолын созу жастардың ойында бар. Бұл игі істі қолға алудағы басты мақсат – жастарға үлгі көрсетіп, үлкенді құрметтеу, сыйлау және оларға патриоттық тәрбие беру болатын. Шараның басты мақсаты орындалғандай да. Өйткені өзгені қуанту, көмек қолын созу әрдайым қуаныш сезімін сыйлайтынын жастар терең ұғынды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР