15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Құқықтық көмек көрсету орталығы жұмысын бастады

ОҚО Шардарада аудандық прокуратура және аудан әкімінің қолға алуымен «Құқықтық көмек көрсету орталығы» құрылып, өз жұмысын бастады. Бұл іс-шара ҚР Бас Прокуроры Жақып Асановтың бастамасымен бастау алған «Халыққа арналған прокуратура» атты өзгерістер бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Аталған жобаның  әлеуметтік дамуға қосар үлесі қомақты әрине. Ауданнан ашылған «Құқықтық көмек көрсету орталығы» аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан орын тепті. Осы ғимараттың 4 залында орналасқан орталықтың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарының жергілікті уәкілетті және құзырлы органдарына деген сенімдерін арттыру болып табылады. Орталық мүшелерінің құрамына келісімдері бойынша Шардара қаласы әкімінің аппараты, аудандық Әділет, Мемлекеттік кірістер және Қоғамдық денсаулық қорғау басқармалары, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық ветеринария бөлімдері және мемлекеттік, жеке сот орындаушылар, барлығы 11 мекеме енгізіліп отыр.Бүгін жаңадан құрылған орталыққа тұрғындардың алғашқы қатары өз өтініш-тілектерімен келе бастады. Қала тұрғыны Хадиша Әбдірайымова қала әкімі аппараты мен аудандық ветеринария бөліміне өзінің ұсыныс-пікірлерін айтып шықты. Хадиша Әбдірайымова осындай орталықтың құрылғанына дән риза екенін айтады.-Қазір осындай орталық құрылғанын бірінші рет естіп, көріп, өз өтінішімді айтып шықтым. Енді мұны халыққа кеңінен таныстырып, хабарлауымыз керек. Тұрғындардың проблемасы таусылмайды ғой, мына орталықта соған жауап беретін барлық мекеменің қызметкерлері ақысыз құқықтық көмек көрсетіп, қажетті бағыт-бағдар беріп отырады екен. Бұл деген өте жақсы. Ендігі тілегім – тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерді тек тыңдап қана қоймастан, оңтайлы шешіп беру жағын қарастырса құба-құп, — дейді Х.Әбдірайымова.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР