25-04-2024
18.3 C
Шымкент

Елдік мәселе сөз болды

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданына қарасты «Ақ алтын» ауылында жомарт жүректі жандар көптеп саналады. Сондай елжанды азаматтың бірі Зұлхарнай қажы Бейсенов кешегі күні ауылдағы салтанат сарайында 200 адамға арнап ауызашар дастарханын жайды. Ауылдағы ораза ұстаған үлкен кіші азаматтар бұл іске түгел қатысып, күн ұясына батқанда Зұлхарнай қажының дастарханынан ауыздарын ашысты.  Бір айта кетерлігі, бұл ауызашар тек ішіп жеуге ғана арналмастан елдік мәселелер қозғалған жиынға ұласты. Ауызашар дастарханында сөз сөйлеген ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Темірхан Болатұлы, ауыл әкімі Ордабай Сахов, ауыл мешітінің имамы Ә.Телғозиев, «Ақ алтын» жалпы орта мектебі директорының орынбасары Мұхтар Ендібай Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай өз ойларын ортаға салып, тұрғындарды ұлттық дәстүрімізді ұлықтауға, ауылдың береке-бірлігін одан әрі нығайтуға шақырды. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, өз елінің патриоты болуға шақырды. Имандылық, жастар тәрбиесі жөніндегі келелі ой-пікірлерін ортаға салып, Елбасы мақаласында айтылған міндеттерді бірлесе отырып іске асыруға жұртшылықты үндеді. Жиын соңында өмірден озған әруақтарға құран бағышталып, дастархан иесіне ниет қабыл болсын айтысты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР