24-04-2024
22.3 C
Шымкент

Жастар индустриалдық аймақта

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес жоғарғы және орта оқу орындарының студенттеріне, кәсіпкерлік мектептебінің тыңдаушыларына облыстағы индустриялдық аймақтарда орналасқан кәсіпорындардың жұмысымен жастарды таныстыру және өндірістік семинар өткізу жөніндегі жоспары аясында индустриялдық аймақта орналасқан «АқЖол-2008 ЛТД» ЖШС-не экскурсиясы ұйымдастырылды.  Олар өз кезегінде атқарылып жатқан шаруалар барысымен танысты. Алдағы уақытта жастар мұнда өндірістік тәжірибеден өтетін болады. Олар отандық өнімнің қалай жасалатындығын, жоғары технологияның мүмкіндіктерімен толық танысып шықты. Мұндай экскурсиялық бағыттағы таныстырылмдардың жастарға берері мол болмақ. Олардың өндірісте жұмыс істеуіне қызығушылық танытатыны сөзсіз. Сондай-ақ  Шардара ауданында Жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын ұстану, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты тақырыпта Көксу ауылдық округінде ашық есік күні өткізілді. Жастардың ой өрісі мен сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойын нақты жеткізе және дәлелдей білетін азаматтар даярлау мақсатында Қоссейіт ауылдық округінде «Болашаққа үміт – жастарға сенім» тақырыбында пікір сайыс турнирі өткізілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР