16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Көрмеге арналды

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткен «Тарихына терең бойлар өлкенің, біз туристпіз керген арман желкенің!» атты Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы үйірмелері арасында туристік өлкетану бағытындағы жорықтар мен саяхат серуендер байқауы болып өтті.
Оңтүстік Қазақстан облысына Мақатарал ауданында болып өткен шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  Қатысушылар да жоғары деңгейдегі дайындықпен келіпті. Байқаудың негізгі мақсаты: «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында өлкеміздегі жеткен жетістіктерімізді балаларға ұғындыру, тарихи өзгерістерді саралау, бой көтерген ескерткіштер мен ғимараттардың мазмұнын таныту, сол жолда еңбек еткен адамдар өмірін мақтаныш ету, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу болатын. Байқаудың негізгі мақсаты орындалғандай да. Өйткені балалар байқаудың қызықты өтуіне барынша атсалысты. Олар өз отандарының, өз өлкелерінің арғы бергі терең тарихын жаттап, осы өлкенің дамуына көп үлес қосқан аталары туралы құлшыныспен тыңдады. Алдағы уақытта да баларға қуаныш сыйлайтын мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылмақ. Балалардың қызуғушылығын оятқан шара расында жалғасын табатын болады.

Мақтарал ауданы шығармашылық орталығы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР