04-09-2021
35.3 C
Шымкент

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының айналасындағы ауылдардың барлығында жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырғандардың қатары артып келеді. «Қимылдағанның қыр асатын заманы» екенін бағамдағалы қашан. Қарашық елді мекеніндегі «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативі бүгінде аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі. Хабибулла Азимов басшылық жасайтын «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативі 2007 жылы жұмысын бастаған болатын. Содан бергі уақытта өнім өндірудің сан салалы қырларын жетілдіріп өз істерін жете меңгерді. Содан бері кооперативте мақтаның егіс алқабында мақта және мақта талшығы өнімдері өндіріледі.   Оған тамшылатып суғару технологиясы қолданылады. Ал шаруашылықта тек жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылған. Бүгінде 156 жұмысшы нәпақасын тауып отыр. «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативі жұмысын қарқынын арттырып, өткен жылы арнайы заманауи құрылғылармен жабдықталған сүт өңдеу цехын ашты. Бүгінде халықтың күнделікті тұтынатын сүт, сары май, сыр, қаймақ, айран сынды сүт өнімдерінің бірнеше түрлерін өндіреді. Өнімдері сапалы, өтімділігі де жоғары. Аталмыш кооперативтің сүт өңдеу цехының сметалық құны 195 млн теңгені құрайды. Ал өндіріс орнында жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысы да жоғары. Мұндағы 12 жұмысшы айына 55-60 мың теңге көлемінде жалақы алады. Өндіріс орнының өндірген өнімін тұтынушылар қатары артып келеді. Сұраныс жоғары. Бағасы да арзан. Қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді. Айта кетерлігі мұнда сүт өнімдерінен бөлек, мақта майы, кір сабын, мақтадан мал азығының бірнеше түрі дайындалады. Және де тамшылатып суару құрылғыларын шығаратын цех жұмыс істеп тұр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР