03-09-2021
23.3 C
Шымкент

Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді

Бүгінде өңірімізде әлеуметтік нысандар қатары артып келеді. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы сапармен Түркістан қаласында болып бірнеше әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына қатысты. Аймақ басшысы алдымен Түркістан қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округінің орталығындағы ауысымына 100 науқас қабылдайтын емхананы ашты. «Облысымызда соңғы бес жылда 200-ден астам денсаулық сақтау нысандары салынды, 100-ден астам нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жыл сайын медициналық құрал жабдықтар жаңартылып,жабдықталу көрсеткіші 65 пайыздан асып отыр. Биылғы жылы облысымызда 34 нысан салынып, іске қосылады. Сол нысандардың бірі – Шорнақ ауылындағы емхана. Осы емханада жұмыс атқаратын медицина қызметкерлері жаңа ғимаратта ауруды алдын алуда, емдеуде сапалы медициналық қызмет көрсететін болады. Жаңа емхана құтты болсын ағайын, халық игілігіне пайдалансын!»-деді әкім. Ғимараттың іргетасы былтыр қаланған болатын. Заманауи талаптарға сай салынған емхана жоғары медициналық құрал жабдықтармен жарақтандырылған. Салтанатты түрде ашылған Түркістан қалалық емханасына қарасты Шорнақ ауылдық емханасы алыстан көзді арбап, менмұндалап тұр. Бұрын ауылда кішігірім ғана ескі емхана бар болатын. Бүгінде оның орнын жаңа емхана басып отыр. Ғимарат тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында бой көтерген. Жалпы жұмысалған қаражат көлемі 231 млн. Теңгені құрайды. Әрі заман талабына сай жабдықталған. Емxана ғимаратының құрылысын А.Бердаш басқаратын мердігер ТОО «Ас Строй» жүргізген. Шорнақ ауылдық емханасы күніне 100 тұрғын қабылдауға арналған. 2 қабатты емханада 51 бөлме мен 8 төсек орынды күндізгі бөлімі бар. Емханада жұмыс атқаратын 61 қызметкердің 7-еуі дәрігер, 37-сі мейірбике, 17-сі кіші қызметкер.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР