13-04-2022
16.3 C
Шымкент

Таза ауыз сумен қамтылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев тұрғындардың ауыз су мәселесі жақын арада толық шешіледі деп отыр. Облыс әкімінің айтуынша, өлкеміздегі елді мекендер 73 пайыз ауыз сумен қамтылған. Еліміз бойынша пайызға шаққанда бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Демек бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республикада 4-ші орында тұр. Алдағы уақытта да облыстың шалғай шетте жатқан ауылдарының барлығын да таза ауыз сумен қамту күн тәртібінен түспек емес. Арнайы қабылданған бағдарламаға сай алдағы жылдары бұл көрсеткішті 10 пайызға өсіріп, 83 пайызға көтеруді көздеп отыр. Дәлірек айтқанда, облыстағы 844 елді мекеннің 701-і, ауыз сумен қамтылатын болады. Соңғы әлетте облыс басшысы су мәселесіне қатты көңіл бөлінетінін жеткізді. Шаруалардың шаруасын шалқытуға сеп боларлық ағын су мәселесі ле түбегейлі шешімін табатын болады. Ол үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Белгілі болғандай, Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 569 нысан немесе 1452 шақырым жол мен көше, 3 жаяу жүргіншілер өткелдері және 19 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Ол үшін бюджеттен 30 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР