22-04-2024
26.3 C
Шымкент

«ЭКСПО-2017» — барша қазақстандыққа қолжетімді шара

Қазақстан әлеуетін, Елорда сәулетін паш ететін «ЭКСПО» көрмесінің қызығы Астанада болғанмен, дайындығы аудан қалаларда да қызған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласында халықаралық мәні орасан шараны насихаттап, 30 жерге билборд ілді. 80 автокөлікке арнайы жарнамалар жапсырды. Қалған іске мына бейнесюжет арқылы қанығуға болады. Сонымен, бүгіннен бастап, Әлем елдерінің мәдениеті Елорда төрінде тоғысады. «Жасыл экономика» бағдарламасының еліміз белгілеген жеті тармағы бойынша бізге керектінің бәрі паш етіледі. Теледидар арқылы жаһан жаңалығын біліп, үздік жобаларды елде іске асыруға Арыс билігі де мүдделі. Елордадағы дүбірлі шара еліміздің елдігін айқындап, азаттығымызды әлемге танытады. Сондықтан, Арқа төсіндегі аламан жиынға Арыс қаласының екі мыңға жуық тұрғыны қатыспақ.

Алғашқы лекте аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері  сапар шегеді. Қазақстанда  «әлеуметтік топ, тап» деп, жік-жікке бөлінушілік жоқ.  Арыс билігі: «ЭКСПО қонақтары осыған көз жеткізеді», — деп отыр. Осындай керемет сый жасап отырғандарға бүлдіршіндердің айтар алғысы шексіз. Олар енді Астанаға асығулы.

АРАЙЛЫМ Байзахова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР