18-04-2024
17.3 C
Шымкент

Дарынды оқушылар “ЭКСПО-2017”-ға аттанды

Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар Оңтүстік Қазақстан облысының дарында оқушыларының тың туындыларын тамашалайтын болады. “Expo-2017” халықаралық көрмесіне облыс мектептеріндегі талантты шәкірттердің алғашқы легі аттанды. Олардың барлығы да түрлі олипиадалардан жүлделі қайтқан үздіктер. Бір апта бойы 150 жас өнертапқыш шетелдік меймандар алдында оқу, ғылым саласында жеткен жетістіктерін таныстырады. Білім бөлімінің мәліметінше, Астанаға жолдама оқуда озат болған оқушыларға ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына да табысталған. 1650 шәкірт үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы қаралса, 2000 балаға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасапты. Айта өтейік, жолға шыққан оқушылар енді бір жеті бойы көрмеге атсалысып, кері қайтады. Шәкірттер мәдени шараға жыл бойы дайындалған,  Әрине  ““Expo-2017” – игі шарасының балалардың болашағы үшін атқарар рөлі зор. Көрмені көзбен көріп қайтқан шәкірттердің білім мен ғылымға деген құштарлығы еселенетіні сөзсіз. Ал жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер бекітілген. Ал Астанаға жеткен соң, оқушылар Назарбаев оқу орнының жатақханасына жайғасады. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестіріледі”. Оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жерде қалып кетпей халықаралық маңызы бар көрмеде таныстырылатынына бек қуанулы. Көрмеге барып, еңбектерін таныстыратынын мәртебе санайды. Олар тек өз жетістіерімен мақтанып қана қоймай, шетелдік ғалымдардың жаңалықтарымен таныспақ ниетте.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР