19-04-2024
24.3 C
Шымкент

Үздіктер марапатталды

Оңтүстікқазақстандық мектеп бітіруші түлектердің алғашқы легі аттестат алып үлгерді. Облыс орталығындағы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы мектеп гимназия 148 түлегін қияға қанат қақтырды. Салтанатты рәсімде облыстық мәслихаттың депутаты Әбілқасым Досболов білім ұясының шәкірттеріне аттестаттарын табыс етті. Үш тілде білім беретін мамандандырылған мектептің биыл  29 оқушысы «Алтын белгісін» ақтады.  22-сі «Үздік аттестат» иегері атанды. Ата-ана мақтанышы, мұғалім көз қуанышы болғандарды билік биігінен көрінген ел ағалары құттықтады. Үш тілде оқытатын гимназияның түлектері – шынында да мақтаулы. Озаттардың бірі Бразилияда сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейді. Көбі халықаралық грант жеңіп алып, шетелдерде білім алады. Балғындарының өзі республикалық пәндік олимпиадаларда, халықаралық ғылыми жобалар байқауында топ жарып жүр. Биыл облысымызда 33 мың түлек алтын ұясымен қоштасты. Оның ішінде 1370 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Енді, алда сындарлы сын — ҰБТ. Бар білім таразы түсер шақта талапкердің тауы шағылмасын дедік!

А. Ағзамқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР