20-04-2024
23.3 C
Шымкент

Көмекке мұқтаж жандарға көмектесті

Жақсылық жаса! Қайтарымы – Алладан! Мақтарал кәсіпкерлері Қасиетті Рамазан айында көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созды. «ТЭСТ» Оңтүстік Қазақстан облысы сауда мұнай компаниясының сауапты ісі — көпке үлгі. Белсенді бизнесмендер дертіне шипа іздегендерге қаржылай көмек көрсетті. Одан бөлек, мұқтаждарға азық-түлік және дәрі-дәрмек үлестірді. Өмірбек өмір есігін ашқалы сал ауруына шалдыққан. Жеңіс ауылында тұрады. Анасы Гүлсара Құрбаншаеваның Өмірбектен өзге 4 баласы бар. Науқас ұлының емі, күнделікті дәрі-дәрмегі, ас-ауқаты бар, қаржысы жетпейді. Ана жүректің арманы — жалғыз. Дімкәс ұлын аяққа тұрғызып, қатарға қосу. Гүлсара Құрбаншаева , Өмірбектің анасы: «Қазір Өмірбек Мырзакенттегі орталық ауруханада ем қабылдап жатыр. «Оңалту орталығындағы» дәрігерлер дімкәс баланың еміне қажеттіні жасап бағуда. Алғашқыда аяғын баса алмайтын. Емнің әсері жаман емес. Бірақ, жеткіншек өз ойын әлі толық жеткізе алмайды. «Жүйке жүйесі зақымданған»,- дейді мамандар». Күлайна Төлемырзаева – Дәрігер-невропатолог: «ТЭСТ» Оңтүстік мұнай ұжымының қызметкерлері Өмірбекті үйіне іздеп барды. Азық-түлік, дәрі-дәрмек пен 100 мың теңге берді. Демеуші тарап сондай-ақ, Шымкенттегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін де қуанышқа бөледі». Талғат Бапаев — Облыстық кәсіпкерлер палатасы Мақтарал аудандық филиалының директоры: «Қайырымдылық — адами құндылық. Әсіресе, исі мұсылманға мүбәрәк болған Рамазанда жасалған әрбір істе еселі сауап бар. Өмірбектің өмірден өз орнын тауып, аяқтан тұрып кетуіне Сіз де себепші болуыңыз мүмкін. Көп балалы ананың алақанына салған азғантай ақшаңыз Алладан қайтады».

Г. Қалмырзақызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР