test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ниет етсең, жұмыс көп

Жұмыссыздықпен күресу бүгінгі таңда басты мәселе. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданының орталығындағы Абылайхан даңғылында жұмыссыздықты азайту мақсатында мелекеттік бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев қатысты. Аудандағы барлық ауылдық округтер жәрмеңкеде білікті мамандарды табуға асығады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіптерін дамыту үшін өтініш бергендерді қысқа мерзімдегі курстарға оқытып, оларды сол бойынша жұмыспен қамтымақ. 29 жасқа дейінгі жастар мекемелердің сұранысы бойынша 6 ай мерзімге практикаға жіберіледі. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан , Шығыс Қазақстанға көшуге ниеттілер үшін де бос жұмыс орындары қарастырылған. Сала басшыларының сөзіне сүйенсек, қазір медицина саласының мамандары көптеп сұранысқа ие. Аталған шарада жұмыс сұраушыларға құрылыс, мәдениет, өнеркәсіп салалары бойынша жұмыс орындары ұсынылды. Алдағы уақытт аудан көлемінде жұмыссыздықты азайту мақсатында осындай бос жұмыс орындары жәрмеңкесін көптеп ұйымдастыру жоспарда бар.

«Мәртөбе-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР