test
13-07-2024
32.3 C
Шымкент

Салауатты өмір салты үшін…

ОҚО Сарыағаш ауданында салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатында спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Орталықта және Дербісек елдімекенінде жазғы спорт алаңдары пайдалануға берілді. Соған сай, ауданда қазірдің өзінде спорттық шаралар ауқымы арта түскен. Сарыағаш ауданында жастарды жат қылықтардан аулақ ұстау мақсатында шалғай жатқан сегіз елдімекенде спорт алаңдарын салу ісі  жоспарланып отыр.  Бүгінгі таңда соның төртеуі пайдалануға берілді. Қалғаны көп ұзамай іске қосылмақ. Қайрат Абдуалиев — Сарыағаш ауданының әкімі: «Қала мөлтекаудандарындағы спорт алаңшаларының төртеуі іске қосылды. Ауыл әкімдерінің қосыша ұйымдастыруымен спорт алаңшаларын салу қолға алынуда. Кәсіпкерлердің көмегімен қосымша бассейндер с. Аквопарктер салу да қолға алынбақ. Осы істерді жүзеге асыру үшін кәсіпкерлерге мүмкіндіктер беріп жатырмыз. Құжаттарын реттеуге қолқабыс тигізіп жатырмыз». Сарыағаштың шағын аудандарында да жаппай спорт алаңдары салынуда. Жергілікті бюджет қаржысына жасалған  кіші футбол алаңы да  көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Ауыл спортшылары теңбілдоп додасын кез-келген жерде емес, жап-жасыл, тегіс алаңда  өткізу мүмкіндігіне ие болды. Ералхан Есенбеков  — Дербісек ауылының әкімі: «Жалпы халық саны — 16 мың. Жастар бос уақытын тиімді пайдалансын деген мақсатта аудан басшысының көмегімен спорт алаңдарын ашып отырмыз. Мұнда кіші футбол алаңы, үлкен футбол алаңы бар. Оның жанынан волейбол,баскетбол алаңшалары түсетін болады. Осының арқасында ауылдан жақсы спортшылар шығады деген ойдамыз». Сарыағаш ауданының Дербісек елдімекенінде де ауыл жастарының спортпен шұғылдануына зор мүмкіндіктер жасалынған. Мұнда төртінші спорт алаңы ашылып отыр. Бұл ауыл спортының қарқынды дамуына  ықпалын тигізері анық.

СЕНБЕК Құттыбайұлы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР