11-04-2022
15.3 C
Шымкент

Әлеуметтің құқықтық әлеуетін арттыру үшін…

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында “Халық заңгері” әлеуметтік акциясы өтуде.  Орталық саябақта өткен іс-шараға “Параграф” ақпараттық жүйесінің өкілдері, облыстық және қалалық әкімдіктің, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, адвокаттар мен заңгерлер қатысты. Аталған шараның ұйымдастырылуына Облыстық прокуратурасы мұрындық болған. Аталған   шараға келіп, құқықтық кеңес алушылардың қатарында есеп жоқ.  Халқы көп шоғырланған Оңтүстіктің тұрғындары арыз шағымдарды рәсімдеуде көп қателіктерге жол береді дейді прокурорлар. Ал өз кезегінде жанбағыстың жарапазанымен жүрген жұртшылық уақыт тапшы кезеңде сауатты құқықтық кеңес алудың өзі үлкен көмек болып тұр дейді. Сондықтан, барлық жауапты мамандарды бір жерде бір мезгілде шоғырланғанына  қуанулы. Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы қолға алған “Тиімді шағымдар қоғамы” жобасы осынау “Халық заңгері” акциясына ұйытқы болып отыр.  “Халық заңгері” әлеуметтік акциясына келушілердің қатары күн батқанға дейін  толастаған жоқ. Сұрақтардың басым бөлігі жер және тұрғын үй мәселесі мен жеке кәсіпкерлікке байланысты болды дейді құзырлы орган өкілдері. “Халық заңгері” әлеуметтік акциясы әлі де жалғасын табады дейді жауаптылар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР