16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Мақтаралға Ертіс ауданының әкімі келді

ОҚО Мақтарал ауданына Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімі Серік Батырғұжинов іс-сапармен келді. Жетісай қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында солтүстік өңірлерге көшіп барып жұмыс істеуге ниетті мақтаралдықтармен жүздесіп, көшіп барғандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер туралы айтты.Ертіс ауданы Павлодар қаласынан 170 км шақырымда орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 1019,3 мың гектарды құраса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын 915 мың гектар жер бар. Ауыл шаруашылық өндірісімен 268 шаруа қожалығы және 17 ЖШС айналысады. Аудан бойынша дәл қазіргі уақытта механизатор, аспазшы, жүк көлігін жүргізуші, малшы, токарші, моторшы, агроном, мал дәрігері, электрик сияқты т.б. мамандықтарды қажет ететін 40-қа жуық жұмыс орындары бар. Сондай-ақ, математика, ағылшын тілі, тарих, орыс тілі, психолог, химия, информатика, бастауыш сынып, физика, технология, қазақ тілі, география, денешынықтыру, сызу, музыка пәндерінен 50-ге жуық мұғалімдер, медицина саласына қатысты 10-ға жуық мамандарға ваканция бар екендігі айтылды.Бүгінде Ертіс ауданы аймағында 27 мектеп, 5 балабақша және 1 колледж жұмыс жасап жатыр. Аудан әкімі Серік Батырғұжиновтың айтуы бойынша, көшіп келгендерді міндетті түрде жұмысқа орналастырып, тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығымен айналысамын деушілерге жер беріліп, тіпті несие арқылы лизингке техникалар алып беруге де әзір.Павлодар облысы, Ертіс ауданына көшіп барғысы келетіндер мына тел.нөмірлерге хабарласуға болады:
Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР