26-04-2022
23.3 C
Шымкент

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеген тапсырмаларының бірі әрі бірегейі – жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту. Осы орайда, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараның мақсаты – жұмыс беруші мен азаматтардың ара қатынасының ашықтығын қамтамасыз ету. Мұндай іс-шараларды өткізу сыбайластықтың да алдын алу үшін аса маңызды. Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Оралбаев:- Бүгін назарларыңызға 6 бос мемлекеттік қызмет, түрлі сала мен бағытты қамтыған 73 жұмыс орны ұсынылуда. Әр сала бойынша мамандар қажетті ақпаратты беруге дайын. Бастысы, Қазақстанның әр азаматы өз еңбегімен мемлекетіміздің ілгерілеп дамуына өзіндік үлес қосатынын ұмытпағаны жөн, — дей келе, жәрмеңкеге қатысушылармен пікір алмасты. Мемлекеттік қызметке түсу тәртібін түсіндіріп өтті. Аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің, аудандық Жұмыспен қамту орталығының мамандары да өз тараптарынан қажетті мәлеметтер ұсынып, ақпараттармен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта мұндай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жалғасын табатын болады. Бұл аудандағы жұмыссыздар қатарын азайтуға сеп болары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР