06-09-2021
24.3 C
Шымкент

ОҚО-да «Бауырластық – балғын шақтан басталады!» қайырымдылық шарасы өтті

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы маусым айының басқы күнінде келетін  – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бауырластық – балғын шақтан басталады!» тақырыбында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабындағы «Сарвар» тойханасында өткен мерекелік жиында Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, өңірдегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына, барлығы 400-ден астам адамға мерекелік дастархан жайылып, арнайы сыйлықтар таратылады.Жиынды сөз алған облыстық Оңтүстік Қазақстан облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов мұндай қайырымдылық шаралары адамдарды ұлтына, дініне қарамай жақындастыра түсетінін айтты. Сондай-ақ, игі шараның өтуіне демеушілік танытып отырған жергілікті кәсіпкерлер мен Бүкілдүниежүзілік мұсылмандар қорының Қазақстандағы филиалының өкілдері еліміздегі бейбітшіліктің, татулық пен келісімнің қадірін түсінудің маңызына тоқталды.Мерекелік шарада балалардың көңілін көтеру мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылды. Қамкөңіл балалар үлкендер жасаған сый сияпатқа алғыстарын жаудырып алдағы уақытта сабақты жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарды белсенді болатындарын айтып қуантты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР