16-04-2024
17.3 C
Шымкент

100 кәсіпкер мал бордақылаумен айналысады

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласында мемлекет қолдауымен іс бастап, кәсібін дөңгелетіп отырғандар көп. Тұрғындар «Сыбаға» бағдарламасынан мол шарапат көруде. Бір ғана Ескі Иқан ауылындағы «Агрокомплекс» өндірістік кооперативінде 100-ден аса ірі қара жемге қойылған. Жыл соңына дейін кәсіп иелері арнайы мал сою бекетін ашпақшы. «Агрокомплекс» өндірістік кооперативі өз жұмысын 2016 жылы бастаған. Егіншілікпен қатар, тұқымды ірі қара мал бордақылаумен айналысады. Етін шетке экспорттайды. Кооперативтің өрісі мемлекеттік қолдау арқасында кеңейіп келеді. Қазір кәсіпкердің қорасында 100-ден аса ірі қара мал бар. Алғашқы төлді Ресей мен еліміздің Қостанай қалаларынан әкелген. Содан бері малға жергілікті 20 тұрғын жем-шөбін салады. Табысты кәсіпті өзгелер де шебер игерген. Қалада мал бордақылаумен 100 азамат айналысады. Түркістандықтардың дені ауыл шаруашылығы саласына жақын. Сондықтан жергілікті халықты жұмыссыздық мәселесі көп мазаламайды. Мал бордақылап, сүті мен етін экспортқа шығара білгендердің мұнда  асығы алшысынан түскен.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР