27-04-2022
24.3 C
Шымкент

Заманауи спорт кешені ашылды

Бұқаралық спорттың өрісін кеңейтуге жасалған қарышты қадам. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданы Арыс ауылында заманауи спорт кешені ашылып, ел игілігіне берілді. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Самат Сапарбаев қатысты. Игі бастама ауданда салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын көбейтетініне сенім білдірді. Мемлекет басшысының атқарушы билікке бұқаралық спортты дамыту бағытында берген тапсырмасы Сайрам ауданында тиянақты қолдау тапқан. Ауданға қарасты Арыс елдімекенінде бұрын-соңды спорт алаңшасы тапшы еді. Енді міне, көптің тілегі қабыл болды. Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев қасиетті айда ашылған нысаннан спорт саңлақтары тәрбиеленіп шығуын тіледі. Жиналған  қалың жұрт та келешекте қазақ спортын әлемге әйгілі ететін тұлғалардың дәл осы жерден түлеп ұшатынына сенімді. Бұл орайда, тұрғындар ел үшін еңбек еткен, атымтой жомарт азаматтарға алғыстарын жеткізді. Қасиетті айда қайырымдық шара да ұмыт қалмады. Ел ағалары тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік өнімдерін үлестірді.Спорт алаңшасының заманауи үлгіде жабдықталуы көпшілік көңілінен шықты. Ауылда кім, қай үйірмені қалайды? Барлығына есік ашық. Азаматтар Елбасы мақаласы жолымен елге қарайласқан қамқор жандарға ақ батасын арнады.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР