19-04-2024
14.3 C
Шымкент

Білікті дәрігерлер Бәйдібек ауданына сапар шекті

ОҚО Бәйдібек ауданында «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың «2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы сәтті іске асып жатыр. Осының айғағы ретінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаевтың бастамасымен облыс аумағындағы барлық медициналық мекемелер тәжірибе алмасты. Білікті мамандар әдістемелік консультативті көмек көрсету бойынша кеңесті. Бұл – Бәйдібек ауданының орталық ауруханасы. Медициналық мекемеде 346 қызметкер еңбек етеді. Бүгінгі семинар дәрігерлердің біліктілігін арттыруға арналды. Облыстық клиника ауруханасының гинекология бөлімі меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан Махмудов пен шұғыл көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Жайлаухан Қарабеков бастаған бір топ  дәрігер аудан халқына тегін қызмет көрсетті.Бұл жұмысшы топтың ауданға келудегі мақсаты — облыс орталықтарына жете алмай жатқан науқастардың жағдайын біліп, оларға кәсіби консультация беру болатын. Сапар аясында тәжірибелі дәрігерлер жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетті.Осы орайда Бәйдібек ауданының алтынқұрсақты аналары  ел мақтаған дәрігер-гинеколог Нұржан Махмудовтың қабылдауына кіруге асықты. Облыс орталығынан келген білікті маман  тұрмыс түйткілімен емханаға уақытылы қаранбай,  ауруын асқындырып алған бұрымдыға ота жасады. Дәрігер науқасқа ем-дом тағайындап, алдағы уақытта да өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

АЙЖАН Әшірхан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР