test
02-07-2024
23.3 C
Шымкент

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметкердің беделін түсіреді

«Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметкерлерге деген шынайы сенімді жояды. Лауазым иелерінің беделін түсіреді». Облыстық сотта өткен кездесуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Шілманов қоғам дертімен күресудің жаңа тәсілдерін түсіндірді. Әдеп кодексінің талаптары бойынша судьялармен пікір алмасты. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті. Елбасы екшеген тапсырма атқарушы билікке жаңа міндеттер жүктеді. Облыстық соттың төрағасы міндетін атқарушы Түгел Бекімбетов мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау бағытындағы жұмыстарды саралады.Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше. Ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне байланысты.

Әрбір мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен болашаққа бағдар жасайды. Дамудың даңғыл жолын таңдайды. Біздің елімізде жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Дегенмен сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

САТТАР Есімбеков

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР