16-04-2024
18.3 C
Шымкент

Ұлттық мұра — ұрпаққа өнеге

«Мәңгілік елдің мәңгілік ұрпағы»… Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі Шымкент оқушыларын осы тақырыптағы байқауға шақырды. Мұнда мәдениет мекемесі жас толқынмен бірге Мемлекет басшысының «Туған жер» бағдарламасын насихаттады. Патриоттық рухты көтеруге талпынды. Рухани жаңғыру кезеңінде  бұл шараның бәсі биік.   Байқау  үш бағытта өрбіді. Оқушылар өнер жағынан өресі биік екендерін танытты. Кешенді бағдарлама барысында рухани бай мұрамыздың құндылықтары дәріптелді. Төл дәстүр, әдебиетіміз бен мәдениетіміз насихатталды.Гүлмира Лазар — Облыстық тарихи-өлкетану музейі  ақпарат секторының меңгерушісі «Біздің ұлттық құндылығымызды ,ұлттық тарихымызды мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді тарих, әдебиет, георафия пәнедірі арқылы теориялық жағынан ғагна біліуі мүмкін.Бұл жерде көзімен көріп тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып ұғынады.Жәдігерлерді көреді. Бүгінгі іс-шара осымен құнды». Іс-шара барысында жасөспірімдердің саналы ойлау қабілеті, тапқырлығы да сыналды. «Асыл мұра» танымдық викторинасы осы үдеден шығатын жастарды іріктеді. Ал, «Туған жер» тақырыбында қатысушылар ерекше тебіренді. Өскен-өнген өңір табиғатын ақ қағазға түсірді. Шығармашылық қабілетін байқатты.  «Әлем-балалар көзімен» атты көрмесі де көпшіліктің көңілінен шықты. Арайлым Нұрмаханова – Оқушы «Мен бүгін музейге келгенде көп нәрсені ұғындым.Ата-бабаларымыздан қалған жәдігерлерді осында сақтайды екен.Салт-дәстүрәмәзде қолданған заттарын, жауға шапқан кездегі қылыштарын садақтары көп екен.Ата бабаларымыздың бастан өткерген оқиғаларын сезіндім.Біз елдің көркеюіне үлес қосып алға қарай сүйрейміз. Біздің ел мәңгі жасайды. Біз соны тілейміз».Мектеп оқушылары тарихи өлкетану музейінде ұлттық экспозициялық көрмелерді аралап көрді. Ата-бабаларымыздың бай мұрасына қанығып, ұлттық құндылығымыздың  мән-мағанасын ұғынды. Бабалардың ұлы істерін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың парасатты парызы екенін түсінді. Мәңгілік елдің мәуелі жемісі өздері екенін де сезінді.

СЕНБЕК Құттыбайұлы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР