16-04-2024
13.3 C
Шымкент

«Болашақ» шақырады!

«Болашақ» шақырады! Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданындағы «Болашақ» сауықтыру лагері жазғы маусымға сақадай сай. Биыл бұл кешен 6 маусымда жұмыс істемек. Сөйтіп, 1800 оқушының жазғы демалысының қызықты өтуіне үлес қосады. Өңірімізде табиғаты тамаша аймақтар көп. Соның бірі — Арыс ауылындағы «Болашақ» лагері.  Мұнда алғашқы маусымға 300 оқушы келді. Жазғы демалыс маусымының ашылуына қатысқан аудан әкімі балаларға сәттілік тіледі.«Болашақ» сауықтыру кешенінде шәкірттердің лайықты дәрежеде тынығуы үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда  кітапхана, жүзу бассейні бар. Оқушылар тынығатын арнайы бөлмелер де жеткілікті. Сонымен бірге, баланың дара қабілетін шыңдайтын әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылардың жазғы демалысын сапалы, қауіпсіз әрі ойдағыдай  өткізу үшін аудан қазынасынан 31 млн. теңге қаржы бөлінді. Лагерь басшылығы оқушыларды түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен ой өрісін дамытатын түрлі сайыстар күтіп тұрғанын айтады.  Спорттық спартакиадалар, әскери –патриоттық ойындар, суға жүзуден жарыс демалушылардың қызығушылығын арттырары анық.

НҰРМАХАН Кенжехан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР