15-04-2024
13.3 C
Шымкент

Қосымша қоймалар салынады

ОҚО Түркістанға қарасты Ескі Иқан ауылындакөкөністерді мерзіміне қарай сақтау ісі мықтап қолға алынған. Қазірдің өзінде сыйымдылығы 300 тонналық екі қойма жұмыс істеп тұр. Онда алма, жүзім сынды бау-бақша өнімдері қыс бойы сақталып, жақын маңдағы базарға саудаланады. Жергілікті билік шаруа табысын еселейтін мұндай орындар әлі көптеп салынатынын айтады. Биыл Ескі Иқан ауылында 1750 гектар жерге бақша өнімдері егілген. 600 гектар жерде көкөніс жайқалып тұр. Ал, 1200  гектар аумақ – жоңышқа алқабы. Шаруалар дайын өнімді сақтап, сатудан қиналмайтындарын айтады. Ол үшін жақын маңдағы базар мен қойма үздіксіз жұмыс істеп тұр.Кәсіпкерлер бұл қойманы 50 мың АҚШ долларына Италия мемлекетінен алып, жабдықтаған. Биыл екінші жыл өнім сақтады. Рәсуа болған дәнеңе жоқ. Азық-түлік тапшылығы да тумады. Ал, қоймаға кеткен шығынның 40 пайызын мемлекет өтеп отыр. Сондықтан кәсіп иелері осы мүмкіндікті пайдаланып, қоймалардың санын көбейтуді көздейды.  Иқанда мұнан өзге мақта шиттейтін және мақта майын шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр. Аядай ғана ауылдың шаруалары мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп дөңгелетіп отырғандарына дән риза.

АҚМАРАЛ  Ағзамқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР