25-04-2024
22.3 C
Шымкент

Мектеп ұжымы игі іске мұрындық болды

Рамазанда жасаған жақсылықтың сауабы — сансыз. Осындай ниетпен Мақтарал ауданындағы Ералиев ауылдық округінде Сәкен Сейфуллин мектебінің ұжымы ауызашар ұйымдастырды. Жұмаділлә мешітінде өткен игілікті шара ауданның өзге де мемлекеттік мекемелеріне үлгі болды. Тілші бейнематериалдында толығырақ. Ораза ұстау — балиғат жасына жеткен, ойлау қабілетінде кілтипаны жоқ барлық мұсылманға парыз. Алла разылығы үшін ауыз бекіткеннің бұл жалғанда жасаған үлкенді-кішілі күнәлары кешіріледі. Тек шын ниет етсе, болғаны. Жұмаділлә мешітінде өткен ауызашарда көпшілік тек ас-суға алғыс айтпады. Бұл кеште ауыл имамы Оразтай Рүстемов айтқан рухани уағыздар жанға азық болды. Бұл — аудан көлемінде білім ошақтары ұйымдастырған алғашқы ауызашар.  Сауапты іс өзгелерге де үлгі болды.  Қасиетті айда қайырымдылық жасап, Алла разылығына бөленгісі келгендер көбейді.Ауызашарда қонақ күту әдебін ауыл ақсақалдары қадағалады. Мектеп оқушыларынан да көмек мол болды. Бұл кеште өнегелі әңгімелер айтылып, рухани азық болатын өлеңдер оқылды.  Мұндай шаралар барша адам баласын бейбітшілік пен тазалыққа үндейтін асыл дініміздің діңгегін берік, қадірін биік ете бермек.

АЙЖАН Әшірхан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР