11-05-2022
21.3 C
Шымкент

Аудан прокуроры жастармен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара ауданы прокуроры Өнер Әбдіхалықов Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінде оқушы жастармен кездесу өткізді. «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесуге аудан прокурорымен бірге аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева, мектеп директорлары мен ұстаздары да қатысты. Жастарға тәлім-тәрбиелік дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында өткен кездесу өте әсерлі өтті. Мектеп бітіруші түлектер өздерін толғандырып жүрген, болашақта өзі таңдаған мамандықты иелену үшін қандай оқуды таңдаған дұрыс деген мазмұндағы сауалдарын жасырмай қойып, тұшымды жауаптар алып отырды. Аудан прокурорымен емен-жарқын сұхбаттасып, пікір алмасқан бітіруші түлектер келешекке түзген жоспарларымен бөлісті. Аудан басшыларының ақыл-кеңестерін тыңдап, алған білімдері бойынша туған өлкені көркейтуге қызмет ететіндерін айтысты.Аудан прокуроры Өнер Әметұлы жастар және оқытушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар қайтара келе, бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ сынағын ойдағыдай тапсырып, жақсы нәтижелер алуына тілектестігін білдірді.Кездесуді қорытқан аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов жастармен ашық әңгіме жасаған аудан прокурорына алғысын білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР